"Бүгінгі күні мемлекеттік органдар конкурс өткізбей қоластындағы ведомстволық кәсіпорындардан бірнеше есе көтерілген бағамен тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Егер де, мемлекеттік мекемелердің тауарлары мен қызметтерінің бағасын тек ғана 20 пайызға төмендетуге қол жеткізілсе, онда шамамен 500 млрд. теңгені үнемдеуге болатын еді»,-деді Мемлекет басшысы.
Елбасының атап өтуінше, мемлекеттік сатып алуларда орын алған кемшіліктер бірнеше мәрте көтерілгенімен, Үкімет оны ешқандай тәртіпке келтіре алар емес. «Сондықтан да, тауарлар мен қызметтердің бағалары қамтылған толыққанды ақпараттық жүйені қалыптастыру арқылы мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай операторын құру мәселесі маңызды болып табылады»,-деді Н. Назарбаев.
Бұл ретте Елбасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовке, Қаржы министрі Болат Жәмішевке және Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаевқа осы мәселемен айналысуды тапсырды.