Н.Назарбаев мемлекеттік жұмылдыру жүйесінің жұмыс тиімділігін жоғарылатуға бағытталған заңға өзгерістер енгізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпы мемлекеттік жұмылдыру жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін жоғарылатуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлайды.