«Құрметті қазақстандықтар! Мен Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа сайлау тағайындау туралы ұсынысын жан-жақты талдап, қарадым. Бұл күндері менің атыма бастамаға қолдау көрсеткен көптеген хаттар мен жеделхаттар түсіп жатыр. Бастаманы саяси партиялар, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындардың, мекемелер мен оқу орындарының еңбек ұжымдары құптады. Оған ардагерлер мен жастардың ұйымдары, бизнес пен шығармашылық, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ көптеген жеке азаматтар қолдау көрсетіп отыр. Оны өздеріңіз ақпарат құралдарынан көріп, естіп отырсыздар. Менің атыма түскен үндеулерде келтірілген барлық дәлел, дәйектемелер маған түсінікті. Ол - елдің қамы», - деді Елбасы Н.Назарбаев.
20:14, 20 Қаңтар 2016
Н.Назарбаев: Менің атыма түскен үндеулерде келтірілген барлық дәлел, дәйектемелер маған түсінікті, ол - елдің қамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Менің атыма түскен үндеулерде келтірілген барлық дәлел, дәйектемелер маған түсінікті. Ол - елдің қамы. Бүгін отандық телеарналар арқылы депутаттардың Мәжіліс пен мәслихат сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасына орай Қазақстан халқына үндеу арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.