«Жақында мен «Бір нәрсе болса алдына, анаған да, мынаған да Нұр деген сөзді қосып қояды. Осыны неге тоқтатпайсыз? Мұның барлығы күлкі ұсынысқа апара жатыр», - деген бір хат алдым. Мен алдына нұр қой деп ешкімге айтқан жоқпын. Нұр деген сөзді менің атыма жабыстыратын да ештеңесі жоқ. Нұр деген - жарық, нұр деген - сәуле. Солай емес пе? Ал «Нұрлы жол» дегеннің мағынасы жолымыз сәулетті болсын, алдымыз ашық болсын, жолымыз ақ болсын, деген жақсы игі тілектерден шыққан сөз деп санаймын», - деді ҚР Президенті.
15:05, 25 Желтоқсан 2014
Н.Назарбаев: «Нұр» деген сөзді менің атыма жабыстыратын ештеңесі жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр» деген сөзді менің атыма жабыстыратын ештеңесі жоқ. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Индустрияландыру күні аясындағы жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.