«Еліміздегі орта тап қазақстандық ұлттың негізі, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың көзі ретінде қарастырылуы керек. Бұлар нағыз заңның салтанат құруына мейлінше мүдделі, мемлекеттің халыққа есеп беруін қалайтын, елдегі тұрақтылық үшін барымен күресетін үлкен күш», - деді Елбасы.
Президенттің пайымынша, орта тап - бұл өзінің баспанасы, автокөлігі, бизнесі мен жалақысы қалыпты, отбасын асырап отырған, балаларын оқытуға, қыдыруға жағдайы толық келетін буын.
«Дәл осы тап тұрақтылықтың мейілінше жақтаушысы. Германияда ұлттық байлықтың 90 пайызын осы орта тап өкілдері құрап отыр. Сондықтан Германия тұрақты мемлекет. Олар ешқандай да «зигзагтарды» қаламайды, тек тұрақтылықты қалайды», - деді Н.Назарбаев.