Н.Назарбаев: Палестина-Израиль қақтығысының оң шешілмеуіне байланысты біздің ынтымақтастығымыздың әлеуеті жүзеге аспай отыр
12:02, 14 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Палестина-Израиль қақтығысының оң шешілмеуіне байланысты біздің ынтымақтастығымыздың әлеуеті әзірше жүзеге аспай отыр. Бүгін Ақордада бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Палестина Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі болып саналады. Біз Палестинамен ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге зор маңыз беріп отырмыз. Палестина-Израиль қақтығысының оң шешілмеуіне байланысты біздің ынтымақтастығымыздың әлеуеті әзірше жүзеге аспай отыр», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап бүкіл проблемаларды халықаралық құқық негізінде реттеуді жақтап келе жатқанын баса айтты.