Шара Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуы ауқымында өтті.
Шекарада кедендік бақылауды алып тастау әкімшілік кедергілерді жоюға мүмкіндік береді, сонымен бірге өзара тауар айналымын ұлғайтады. Қазіргі кезде мемлекеттік шекараның қазақстандық-қырғыз учаскесінде өткізу бекеттері жаңа жағдайда жұмыс жасауға әзір.
Телекөпір басталғанға дейін Н.Назарбаев пен А.Атамбаев екіжақты кездесу өткізді, оның ауқымында бірқатар мәселелер талқыланды.
Қазақстан мен Қырғызстан басшылары Шолпан-Атада Ш.Айтматов атындағы «Рух-Ордо» мәдениет орталығының аумағында ұйымдастырылған онлайн-трансляция рәсімін таза ауада бақылады. Ол үшін көлемі 5х7 метрлік үлкен экран орнатылды.
Кедендік бақылауды алып тастау рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Премьер-Министрі Темір Сариев тікелей қатысты.
Бүгін Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шарт күшіне енді. Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресеймен қатар ЕАЭО-ның бесінші мүшесі болып отыр. ЕАЭО барлық мүше-мемлекеттері республиканың одаққа қосылуы туралы шартты ратификациялауды келісу үдерісін аяқтады.