Қазақстан мен Ресей басшылары мұнай-газ ресурстарын тасымалдау және Каспий қайраңындағы көмірсутекті игеру салаларындағы, атом мен электр энергетикасы, транзит-көлік, ғарыш және индустриялық-инновациялық салалардағы негізгі бағыттар бойынша екі жақты ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағын талқылады.
Кездесу кезінде Қазақстан мен Ресей аймақаралық байланыстарының өнімді дамуы аталып өтілді. Қазақстан мен Ресей Президенттерінің бастамасымен жыл сайын өтетін шекара маңындағы ынтымақтастық форумының шешімдерін іске асыру барысы талқыланды.
Д.Медведевпен болған әңгіме барысында ҚР Президенті елеулі оқиғалардың, соның ішінде Астанада өтетін ШЫҰ аясындағы мерейтойлық кездесу, Астраханда болатын Ресей мен Қазақстанның аймақаралық форумы, сондай-ақ ТМД-ның 20 жылдығы шараларының маңызын атап көрсетті.