Н.Назарбаев пен Д.Медведев конструкторлық бюрода және ІТ-технологиялар көрмесінде болды - Өскемен
16:05, 07 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аймақаралық ынтымақтастығының VII форумының аясында, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылғаннан кейін, Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев Өскемендегі конструкторлық бюрода және ІТ-технологиялар көрмесінде болды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұдан бұрын хабарлағандай, Қаазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасында Аймақаралық және шекаралық ынтымақтастық туралы келісімге, «Имашевское» трансшекаралық газ-конденсат кенішін геологиялық зерттеу және барлау жөніндегі бірлескен жұмыс туралы келісімге және Трансшекаралық су нысандарын бірлескен пайдалану және қорғау туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Ресей Федерациясының үш өңірінің басшылығы арасында келісімге қол қойылды.