Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, әңгімелесу барысында Өскеменде өткен Қазақстан мен Ресейдің VII аймақаралық Ынтымақтастық форумының барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру туралы, атап айтқанда екі елдің жоғары технология, ғылым мен білім, транзит-көлік әлеуеті салаларындағы өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері жөнінде сөз болды.
Мемлекет басшылары сондай-ақ алдағы уақытта Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитінің мәселелерін талқылады.