Н. Назарбаев пен Э. Рахмон өңірлік қауіпсіздік ахуалы жөнінде пікір алмасты

БІШКЕК-АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысу аясында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар, тараптар өңірлік қауіпсіздік ахуалы жөнінде пікір алмасты.