Н. Назарбаев пен И. Каримовтың кеңейтілген құрамдағы кездесуінен кейін бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың кеңейтілген құрамдағы кездесуінен кейін бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, екі елдің мемлекет басшылары бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұдан бөлек Қазақстан  мен Өзбекстан  арасында   реадмиссия туралы үкіметаралық  келісімге және оны іске асыру тәртібі туралы орындау хаттамасына қол қойылып,  2000 жылы 7 шілдедегі екі ел үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілді.

Мұнымен қоса 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Үкіметі Мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу қосындары жөніндегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.
Барлық қабылданған құжаттар екі ел арасындағы қарым-қатынастарды бұрынғыдан да сапалы даму деңгейіне көтеруге, екі мемлекеттің мүмкіндігі мен әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған.