Сонымен қатар ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров пен Пәкістанның Қазақстандағы Елшісі Абдул Салих Хан екі ел Қорғаныс министрліктері арасындағы әскери қызметшілерді оқыту туралы келісімді, ҚР Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мейірбек Мәжитов пен Пәкістан Сауда және өнеркәсіптік палаталар федерациясының президенті Мұхаммад Идирис Бірлескен іскерлік кеңесті құру туралы өзара түсіністік меморандумын рәсімдеді.