АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина Президенті Петр Порошенко Қазақстан Республикасы Президентінің және Украина Президентінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.
Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Украина вице-премьер министрі Аймақтық даму, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашығы министрі Геннадий Зубко 2015-2017 жылдарға арналған Қазақстан-Украина іс-қимылдар жоспары бесінші жол картасын рәсімдеді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.