Н. Назарбаев пен Р.Азеведо Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы бойынша келіссөздердің сәтті аяқталғанына қатысты пікір алмасты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведомен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің табысты аяқталуына қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар еліміздің осы Ұйымға кіруі жөніндегі құжаттар топтамасын ратификациялаумен байланысты ішкі рәсімдер мәселесі де қозғалды.

Елбасы республикамыздың ДСҰ-ға енуі «Қазақстан - 2050» ұзақмерзімді даму Стратегиясында қойылған міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ сыртқы сауданы одан әрі дамыту және шетелдік инвесторлармен өзара ықпалдастықты кеңейту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.