«Бүгінгі кездесуімізде екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығын атап өтіп отырмыз», деген Мемлекет басшысы жүздесу барысында екі елдің энергетика, көлік, ғылым, білім, мәдени салаларындағы қарым-қатынастары талқыланып, Таяу Шығыстағы ахуал, Ауғанстан, Сирия мәселелерінің барлық қыры бойынша кеңінен пікір алмастырылғандығын баса айтты.
«Түркия бүгінде Қазақстанның ең жақын стратегиялық әріптесі болып табылады. Тәуелсіздікпен бірге біз жоғалған қарым-қатынасымызды қайтадан таптық. Түркі әлеміне қайтып келдік. Бір-бірімізді танитын болдық. Кеңісіміз кеңейді, достарымыз көбейді, күшіміз тасыды», деді Елбасы.