Алдағы форумның тақырыбы - «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету».
Қатысушылардың арасында басты министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Ресей Федерациясы мен Қазақстан облыстары субъектілерінің басшылары, ірі бизнес өкілдері бар. Осындай форматтағы кездесулер жыл сайын (2003 жылдан бері) екі елдің аймақтарында кезекпен өткізіледі. Бұған дейінгі кездесу Атырау қаласында, ал оның алдында - Екатеринборда өткен.
Пленарлық отырыстың алдында Президенттер жеке әңгіме жүргізіп, соның барысында ресейлік-қазақстандық қатынастар және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық өзара ықпалдастық және өзге де аймақтық бірлестіктердің маңызды мәселелерін талқылау көзделіп отыр, деп хабарлайды Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз қызметі және ақпарат басқармасынан.
Форумның бағдарламасында сондай-ақ «Агроөнеркәсіп саласындағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықтың болашағы» мамандандырылған көрмесін, шекаралық ынтымақтастық бойынша ресейлік-қазақстандық Іскерлік кеңесінің отырысын, екіжақты Жастар форумын өткізу қарастырылған. Сондай-ақ ресейлік және қазақстандық аймақтар арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар бірлескен құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.