Н.Назарбаев Президент Б.Коморовскийге Польшаның оңтүстігінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
18:06, 06 Наурыз 2012
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Бронислав Коморовскийге адам құрбандарына соқтырған елдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Польшаның оңтүстігінде сенбі күні кеште орын алған темір жол апатынан көптеген адамдардың өмірі қиылғандығы туралы суық хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым.
Осындай ауыр сәтте, қазақ болғандардың туған-туыстары мен отбасыларына, сондай-ақ барлық поляк халқына қазақ халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айта отырып, ауыр қайғыға ортақтас екендігімізді білдіремін», - делінген көңіл айту жеделхатында.