Біздің компаниялар әлемдік ірі ойыншылармен бір қатарда тұруы үшін қорға ең біріншіден өзінің тиімділігін және өнімділігін айтарлықтай көтеруі тиіс. Бұл ретте өнімділік қазір біз мақтанып жүргендей 2,3 пайыз емес алдағы 5 жылда кемінде 30-40 пайызға серпінді болуы қажет. Мен мұның түбегейлі қолжетімді екендігін білемін. Мұның еш қиындығы жоқ», - деді Н.Назарбаев.
Елбасының атап өтуінше, аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін өндіріс, басқару технологияларына және нарықтық сараптамаға ие стратегиялық серіктестер, инвесторлар тарту қажет.
«Мұның арқасында қор компаниялары сыртқы нарықтарға, бірінші кезекте Кеден одағы елдері нарығына шығып, бәсекелес болуы керек», - деді ҚР Президенті.