Н.Назарбаев Семей полигонын жабу арқылы өте күрделі де қиын мәселеге нүкте қойды - Е. Пивовар

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонын жабу туралы шешімі арқылы өте күрделі де қиын мәселеге нүкте қойды. Бұл туралы Ресей Мемлекеттік гуманитарлық университетінің президенті, Ғалымдар кеңесінің төрағасы Ефим Пивовар мәлім етті.

«Қазақстан Президенті Семей полигонын жабу туралы шешімі арқылы өте күрделі де қиын мәселеге нүкте қойды. Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи масштабтағы тұлға екені баршаға аян. Ол сөзі­мен ғана емес, ісімен де өз халқына, барлық адам­зат­қа осы шешімімен өлшеусіз үлес қосты.

Бүгінде бұл оқиғаға 25 жыл өтті. Бұл кезең Қазақ­стан Президентінің тұлға, ұлттық ауқымдағы саясаткер болып қалыптасуымен, кейін барлық пост­кеңестік кеңістікте көшбасшы атануымен тығыз байланысты болды. Оның барлық идеясы біртіндеп орындалып келеді. Қазақстан Президентінің басты идеяларының бірі - оның 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюы. Бұл қандай дата? Ол кезде Қазақстан өз Тәуелсіздігін жарияламаған да еді. Осының өзі көп жәйтті аңғартса керек. Сондықтан, Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы шешімінен кейін Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасу кезеңі басталды деуге болады», - деді ресейлік ғалым Е.Пивовар.