ҚР Президенті өз сөзінде Қазақстанда құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін белсенді іске қосу дер уақытында жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Ол тәуелсіз заң жүйесі мен жеңілдікті салықтық режімі бар өңірлік қаржы-инвестициялық хабқа айналуға негізделген», - деді Елбасы.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы өңірдегі макроэкономикалық дамуды ынталандыру үшін Азиялық инфрақұрылымдық инвестиция банкінің мүмкіншіліктерін пайдалану маңыздылығын баса айтты.
«Сауда-экономикалық және қаржы-инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету болашақта ШЫҰ аясындағы Еркін сауда аймағын құру үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етеді», - деді Н.Назарбаев.
13:37, 24 Маусым 2016
Н.Назарбаев ШЫҰ аясында Еркін сауда аймағын құру шарттарын атады
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету ШЫҰ аясындағы Еркін сауда аймағын құру шарттарын қамтамасыз етеді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай ұсыныс жасады.