«Ұлы мереке - Жеңіс күнінің қарсаңында өткізіліп отырған бүгінгі кездесу ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға көрсетілген құрмет болды. Біз Владимир Владимирович Путинге бүгінгі кездесуге бастамашы болып, бұл айтулы датаны мерекелеуге қатысуға шақырғаны үшін ризашылығымызды білдіреміз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Елбасы Ұлы Отан соғысындағы нацистік қауіп-қатер мен оның болуы мүмкін салдары кезіндегі кеңес халқының бірлігі туралы еске салды.
«Соғыстың аса ауыр жылдарында біздің халықтарымыз нацистік қауіп-қатерге бірлесе қарсы тұрды. Негізгі ауыртпашылық біздің елдеріміздің иығына түсті. Біздің әкелеріміз бен аталарымыз жеңіске жетті. Егер олар бұлай жасамағанда, саясат, экономика қай бағытқа ауып, біздің халықтарымыз қайда жүретіні белгісіз еді», - деді ҚР Президенті.