«Егер бір адам жәбір көрсе, онда бүкіл Қазақстан жапа шегеді. Бір философтан «бақытты адам кім?» деп сұрағанда, ол: «Бақытты адамдардың арасында өмір сүретін адам бақытты» деп жауап беріпті. Орнықты адамдардың арасында өмір сүретін адамның да көңілі орнықты болады. Егер айналамыздағылардың бәрі бақытты болса, біз де бақытты боламыз. Егер бір немесе бір топ адамдар бақытсыз болса, онда осы бақытсыздық басқаларға да тарайды. Баршаның есінде болуын қалаймын: тұрақтылығымыз бен бір-бірімізге деген құрметті сақтау - біздің дамуымыздың негізгі қағидаты, - деді Мемлекет басшысы.