Елбасы Жер кодексі жұмыстарына жауапты екі мемлекеттік орган - Ауыл шаруашылығы мен Ұлттық экономика министрліктерінің өздерінің алдына жүктелген міндетті орындай алмағандығына баса назар аударды.
«Бұл министрліктер жаман жұмыс істеді, дей алмаймын. Бірақ, өз ұстанымдарын түсіндірумен, оның барлығына түсінікті болып, қабылдануымен айналысқан жоқ», - деді ҚР Президенті.
Осы ретте Мемлекет басшысы қызметтерінде олқылық жіберген Ұлттық экономика министрі Е.Досаевтың отставкасын қабылдап, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековтің қызметіне толық сай келмейтіндігін жария етті. Мұнан бөлек, Ұлттық экономика вице-министрі Қ.Өскенбаевты қызметінен босату туралы тапсырма беріп, Ұлттық экономика министрлігінің бейінді комитеттерінің басшылық қызметкерлерінің және басқа да жауапты тұлғалардың қызметіне сай келетіндігін қарастыруды міндеттеді.
Сондай-ақ ҚР Президенті Үкіметке жер қатынастарын реттеу жөніндегі салалық қызметін Ауыл шаруашылығы министрлігіне беруді тапсырды.