Н.Назарбаев ҰҚШҰ ҰЖӘК тұрақты әскери жаттығуларының қажеттігін атап көрсетті

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің тұрақты әскери жаттығуларын өткізу қажет деп санайды. Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы сессиясында осындай мәлімдеме жасады.

«Аймақтағы күрделі жағдайды ескере отырып, ҰҚШҰ Ұжымдық әрекет ету күштерінің (ҰЖӘК) жауынгерлік қабілеті мен тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қолдаймыз», деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ жүргізілген шұғыл тексеру ҰЖӘК алға қойылған міндеттерді орындауға дайын және қабілетті екенін көрсеткенін атап өтті.

«Біз дағдарысты жағдайлардағы іс-қимылдың тетігін байқап көрдік және бүгін баға бердік. Қазақстан ҰЖӘК әскери контингенттерінің, арнайы құрылымдарының жауынгерлік даярлығын арттыра түсу қажеттігін қолдайды. Тұрақты түрде сіздермен жаттығулар, соның ішінде шұғыл тексерулер түрінде шараларды өткізіп тұру қажет деп пайымдаймыз», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.