«Өкінішке орай түбегейлі шаралар қабылдауымыз қажет. Ұлттық банк пен Үкімет 1 наурызға дейін маған банктерден проблемалы кредиттерді сатып алу бойынша ұсыныс енгізуілері тиіс. Ұлттық банк алдына еінші деңгелі банктердегі жұмыс істемейтін кредиттердің үлесін 2015 жылдың 1 қаңтарында 15 пайызға дейін, ал 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін 10 пайызға дейін төмендету міндетін жүктеймін»,- деді Н.Назарбаев.
Бұл ретте Елбасы банктер өздері қалаған кез келген шараны қабылдауы керектігін баса айтты.
«Шығынға жазсын және өз активтерІн қысқартуды қолға алсын. Сонымен қатар мүмкіндігінше дисконттасын. Өйткені бұл олардың кінәсі. Қаржы жүйесін сауықтыруды өзімізге аламыз», - Мемлекет басшысы.