Н. Назарбаев ұсынған әр реформа қазақстандық қоғамның дамуына қызмет етуі - аса маңызды - интернационалист жауынгерлер

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Институционалдық реформалар ретінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ұсынған қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайту бағыты өмір сүрудің барлық саласын қамтиды» деген сенімде «Қазақстан ардагерлері» Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығы.

«Біз бейбітшілік пен тыныштықтың қадірін білеміз. Қазақстандық әскерді жаңғырту сияқты маңызды бағыттың қажеттілігін атап өткіміз келеді. Жоғары рухты патриотизм, қарулы күштердің елін қорғауға сақадай-сай әзірлігі елде тұрақтылықты барынша нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформа экономикалық өсімге жол ашады», - делінген ресми лауазымына кіріскен Н. Назарбаевты құттықтаған Қауымдастық хатында.

«Құқық қорғау органдары қызметін одан әрі жаңғырту, атап айтқанда, ашықтықты қамтамасыз ету, ақпараттық технологияларды дамыту, полицияға кәсіби және психологиялық іріктеудің жаңа жүйесін енгізу барлық халықаралық талаптарға сәйкес келетін жоғары кәсіби полицейлер корпусын қалыптастыруға мүмкіндік береді. ҚР Президенті ұсынған әр реформа бейбітшілік пен келісімге, қазақстандық қоғамның дамуына қызмет етуі - аса маңызды», деп атап өтті интернационалист жауынгерлер.