«Сіз көптен бері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмедіңіз, сондықтан біздің елге мемлекеттік сапармен келуіңіз керек. Біз ТМД (ТМД саммиті -ҚазАқпарат) 15-і (Қазанның 15-і - ҚазАқпарат) болады деп отырмыз, әлі нақтылаймыз», - деді Н. Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында В. Путинмен кездесу барысында.