Н.Назарбаев: Валюталық кемістік жаһандық дағдарыс дауылының басты себебі

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Валюталық кемістік жаһандық дағдарыс дауылының басты себебі.

Бүгін VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның салтанатты ашылуы барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Осыдан төрт жыл бұрынғы «Дағдарыстың кілті» атты мақаламда мен әлемдік валюта жүйесінің кемістігі жайында айтқан едім. Ол қазіргі әлемдік экономикалық дауылдың басты себебі болып отыр. Сонымен қатар, эмиссия тәртібі мен әлемдік валюта айналысы бойынша өзгерістерге баршаны шақырған болатынмын. Өйткені, бұлар заңдылық, демократиялық, тиімділік, жауапкершілік секілді маңызды өлшемдерге еш жауап бермейді. Дегенмен әлі күнге дейін жаһандық дағдарыстың тиімді тетігінде бұл көрініс тапқан жоқ. Олардың өңірлік валюталарға сенімділігі де айқындалған емес», - деді Н. Назарбаев. Бұл ретте Мемлекет басшысы осы бағытта түбегейлі өзгерістер қабылдаудың қажеттілігін және ерік-жігер мен жауапкершілік көрініс табуы тиістігін атап өтті.