Н. Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді

None
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді. Сапар барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу жоспарланған, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Отырыста интеграциялық құрылымдар - Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы өзара ықпалдастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланатын болады.