Құрамына он екі ел заңгерлерінің отыз бес қауымдастығы кіретін Халықаралық заңгерлер одағының осы абыройлы сыйлығы құқықтық мемлекеттің және азаматтық қоғамның институттарын дамытуға қосқан үлесі үшін көрнекті қоғам қайраткерлеріне беріледі. Сыйлық иегерлеріне белгілі ресейлік мүсінші, Ресей көркемөнер академиясының академигі Михаил Переяслевецтің жобасы бойынша қоладан құйылған, жоғары ерекшелік белгісі - сот төрелігінің құдайы - Фемиданың мүсіні табыс етіледі.
1996 жылдан бастап бұл сыйлық Ресей Президенті Д. Медведевке, Болгария Президенті П. Стояновқа, Мәскеу мэрі Ю. Лужковқа, Еуропа одағы Бас хатшысының орынбасары Г. Крюгерге және басқа да бірқатар елдердің көрнекті қоғам және саяси қайраткерлеріне берілген.