Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында Кеден одағы аясындағы екі елдің теміржол көлік жолдарының дамуына қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.
Владимир Якунин Нұрсұлтан Назарбаевқа «Өркениеттер диалогы» Халықаралық қоғамдық форумының халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, жаһандық өркениеттер диалогын қалыптастырудағы әлем қоғамының күш-жігерін біріктіруге қосқан айрықша үлесі үшін берілетін сыйлығын табыс етті.