Н.Назарбаевты Иран Президенті Махмуд Ахмадинежад сайлаудағы жеңісімен құттықтады

АНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежад құттықтады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары Мәртебелі,

Сізді Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын ниетіммен құттықтаймын.

Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық келешекте де табысты дами беретініне сенемін.

Сізге мықты денсаулық және табыс, Қазақстан халқы мен еліне - бақыт пен игілік тілеймін.

Иран Ислам Республикасының Президенті

Махмуд Ахмадинежад