Н. Назарбаевтың 200-ден астам қоғамдық наградалары Астанадағы көрмеге қойылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық наградалары жұртшылық назарына ұсынылды.

Музей жанындағы ең басты әрі маңызды орынды Елбасының наградалар қоры алады.

Оның құрамына Қазақстан Республикасы және шетелдік мемлекеттердің жоғары мемлекеттік және қоғамдық наградалардың коллекциялары кіреді.

Қалың жұртшылық алдына алғаш рет ҚР Президентінің 200-ден астам марапаттары - ордендер, медальдар, құрметті және естелік төсбелгілер, куәліктер, дипломдар мен сертификаттар қойылып отыр.

«Музейіміздің қоры бүгін басқа, мейлінше толық қырынан көрініп отыр. Біздің музейге келіп тұратын тұрақты келушілер біздің күміс залда жоғары мемлекеттік наградалар барын біледі. Ол марапаттар Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылдан бастап иеленген. Ол шетел мемлекеттерінің жоғары наградалары болса, бүгін біз қоғамдық наградалар қорын көрсетеміз. Олар түрлі қоғамдық ұйымдармен, сарапшылық және кәсіби қоғамдастықтармен тағайындалады. Бұл Елбасымыздың мемлекеттік емес қызметінің көрінісі десе де болады», - дейді музей директорының орынбасары Күләйша Ақтаева.

Көрме бірнеше тақырыптық бөлімдерге бөлінген және 17 тамызға дейін жалғасады.