деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Таяу Шығыстағы қайшылықтарды тоқтатуда айтарлықтай рөл атқара алады деп есептеймін. Осы мәселеге қатысты Қазақстан Президентінің ойлары мен көзқарастарын тыңдағаныма қуаныштымын», деді Ш. Перес.
Ш. Перес Қазақстан халықаралық байланыстардың астанасына айналғанын атап өтті. «Менің ойымша, бұл түрлі діндер арасындағы ғана емес, сонымен бірге түрлі мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді», деді ол.