Н. Назарбаевтың беделі тиімді сыртқысаяси коммуникация қалыптастыруға мүмкіндік береді - Б.Төлегенов

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Саясат» интернет-басылымының шеф-редакторы Бауыржан Төлегенов Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудың қорытындысы туралы ойларымен бөлісті.

«Кеше ғана өткен сайлау кампаниясының қорытындылары заңды әрі айқын. Бұл сайлаушылардың қатысуына да байланысты. Біріншіден, Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі айқын. Оның саясатының тиімділігі уақыт тезінен өткен. Екініші жағынан алып қарағанда, тек Н. Назарбаев қана жылдар бойы жинаған беделі мен тәжірибесінің арқасында сыртқы саяси ортамен берік байланыс орната алады. Бұл фактор бүгінде халықаралық аренадағы болып жатқан жағдайға және геосаяси турбуленттілікке байланысты аса үлкен мәнге ие болып отыр», - деп атап өтті ол журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, сайлау кампаниясы жоғары дәрежеде ұйымдастырылды және сайлаушылардың қатысуы бұрынғы рекордтарды бұзды.

«Сайлаушыларды сайлауға қатысуға шақырған жұмыстар жоғары дәрежеде ұйымдастырылмаған болса, сайлау да осындай сәтті өтпейтін еді. Ешқандай конфронтациялық риторика болған жоқ», - деді Б. Төлегенов.