«Бұл кадр Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Тараз қаласына сапары кезінде түсірілген», - деп жазылған фотоның астында.
Атап өтілгендей, бұл фотосурет Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен, бұрын БАҚ беттерінде жарияланбаған фотосуреттер жиналған Мемлекет басшысының «Президент: бейресми ракурс» атты кітабынан алынды.
Олардың кейбіреулері апта сайын Ақорданың Инстаграмдағы ресми парақшасында орналастырылатын болады.