Бұл туралы бүгін Астанада «Н. Назарбаев феномені: Еуразия кеңістігіндегі ықпалдастық үдерістер дамуындағы жеке тұлғалық фактор» еуразиялық сараптама форумында М. Ломоносов атындағы ММУ жанындағы Посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу бойынша ақпараттық-талдамалық орталықтың бас директоры Алексей Власов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясын жүзеге асырудың нақты тәжірибесі - өткен 15 жылда сөз жүзінде емес, тек іс жүзінде Қазақстанды геоэкономикалық және геосаяси үдерістерде ықпалды қатысушыға айналдыру», деді А. Власов.
«Атап айтқанда, серіктестерге ықпалдастықты ұсынар алдында ең алдымен өзің қалыптасуың қажет. Бұл ұстанымды Қазақстанның өзі көрсете алды. Бұл тәжірибелік еуразияшылдықтың үздік суреттемесі. Бұл реформалау мен алға жылжу, сондай-ақ бұл серіктес болуға дайын болғандардың әлеуетін біріктіру»,-деді ресейлік сарапшы.