Н. Назарбаевтың Мәжілісті тарату туралы шешімі - сараланған шешім - «Агромашхолдинг» басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының бесінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату және Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешімі - сараланған шешім. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Агромашхолдинг» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дин Ким мәлім етті.

«Біз баршамыз әлемде қарқын алып отырған дағдарыс пен ауыр экономикалық ахуал жайында білеміз. Қазақстан жаһандық экономиканың бір бөлігі ретінде сыртқы факторлардың кері ықпалын сезінуде. Бұл тұрғыда валюталық дәліздің құбылуы, энергия тасымалдағыштар құнының төмендеуі секілді мәселелер бар. Елбасының парасатты саясатының арқасында елімізде өзіміздің өндірісті дамыту, ұжымдарды қолдау мен әлеуметтік жауапкершіліктерді орындау мүмкіндігіне иеміз. Сондықтан да Мемлекет басшысының бесінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату туралы бастаманы қолдау бойынша шешімі - сараланған шешім. Себебі, сайлау науқаны әрқашан халықты біріктіріп келді»,-деді Д. Ким.

Оның пайымынша, сайлау өз кезегінде Парламентке жалпыұлттық жаңа сенім мандатын ұсынып, жаһандық проблемалар аясында шешім қабылдауға мүмкіндік береді.