«...Нұрсұлтан Назарбаевтың кезектен тыс сайлауын түрліше түсініп, түрліше бағалауға болады.... Алайда біз олай жасамаймыз. Өйткені көршілес мемлекеттің басшысының ауысуы біздің аймағымызға болжанбайтын өзгерістер алып келері хақ еді... Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаев - елдегі тұрақтылықтың және посткеңестік кеңістіктегі тыныштықтың кепілі, Қазақстан саясатындағы айқындылық пен ашықтылық, Қырғызстандағы жағдай дәл осыған байланысты.
Қазақстан халқының саны 17 миллионнан асады, соның ішінде сайлау құқығына 9 миллионнан астам адам ие... Сайлаушылардың өте жоғары белсенділігі байқалды. Олардың басым бөлігі құзыреті бар Президенттерін ең біріншіден, тұрақтылық және елдегі бейбітшілік үшін қолдаған тәрізді», - деп жазады Э.Акунова.