Н. Назарбаевтың сайлаудағы жеңісі - Қазақстан халқының зор сенімінің айғағы - Үндістан Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Үндістан Республикасының Президенті Пранаб Мукерджидің құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

П.Мукерджи Қазақстан Презизденті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Сіздің сайлаудағы жеңісіңіз - Қазақстан халқының Өзіңізге деген зор сенімінің айғағы. Қазақстанды мықты әрі өркендеуші мемлекетке айналдыруға бағытталған қажырлы еңбегіңіз өз жемісін беретініне сенімдімін», - делінген хатта.

Үндістан Президенті ортақ мүделлілік танытып отырған бірнеше салада өзара тиімді қарым-қатынастардың орнағанына қанағаттанатынын жеткізді. Ол сондай-ақ Үндістан екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыратынын айтты.

Соңында П.Мукерджи ҚазақстанПрезидентіне мықты денсаулық және табыс, ал елімізге ілгерілеу мен бақ-береке тіледі.