Бұл туралы бүгін елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«10-12 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин бастаған қазақстандық делегация Анкарада өтетін Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысады», - деді ол.
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, алқалы жиын барысында түркі тілдес елдердің парламенттік мүшелері алдағы өзара әрекеттерін, сонымен қатар Ассамблея жұмысының болашақтағы бағыттарын талқылауға баса назар аударуды жоспарлап отыр.