Н.Нығматулин: ҚР Президентінің халықаралық биік беделі - ынтымақтастықты кеңейтудің мызғымас негізі
ҚХР төрағасы, Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары туралы айта келіп: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған жан-жақты келіссөздердің қорытындысы бойынша біз кең ауқымды мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жеткізе алдық. Сондай-ақ, практикалық салаларда да ынтымақтастығымызды дамыту жөніндегі сындарлы пікір алмасулар іске асырылды. Ең бастысы, осы сапар барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев екеуіміздің арамызда өте мықты достық қалыптасты», - деді.
Қайта өңдеу секторы, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, сондай-ақ экономиканың басқа да салаларында уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында қол қойылған келісім-шарттардың жалпы құны 35 млрд. доллардан асады.
Әңгіме барысындағы айрықша тақырып Қазақстан және Қытай парламентшілері арасындағы өзара іс-қимыл болды.
Си Цзиньпин парламенттер арасындағы ынтымақтастық - Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің маңызды құрамдас бөлігі екенін баса айтты. Сондықтан да, мемлекетаралық қатынастарды дамытудағы оның орны ерекше.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық парламентшілердің Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды нығайтуға одан әрі де өз үлестерін қоса беруге дайын екендіктерін атап көрсетті.
«Қазақстан Парламенті Қазақстан мен Қытай басшылары арасындағы қол жеткен келісімдерге заңдық қолдау көрсетуге айрықша назар аударады», - деп атап өтті Мәжіліс спикері.