Н. Нығматулинге ҚР Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті

Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.