Н. Нығматулиннің төрағалығымен өткен комиссия отырысында құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің басшысы - Мемлекеттік хатшы міндетін атқарушы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚР құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады

Комиссия отырысында елдің құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері, сондай-ақ Елбасының құқық қорғау органдарының қазіргі құрамы мен кадрлық резервін нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы қаралды.