Н.Оразбаев «Барысқа» қайта келді

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін «Барыс» хоккей клубының қамқоршы кеңесінің отырысында клуб президенті Вадим Шақшақбаевтың келісімшарты тоқтатылды.

Оның орнына «Барыстың» бұрынғы басшысы Нұрлан Оразбаев қайта келді. Айта кеткен жөн, Н.Оразбаев өткен жылы маусым айында бас бапкер Андрей Шаяновпен бірге бұл қызметтен босатылған болатын.