АСТАНА. ҚазАқпарат - Медициналық құрал-жабдықтарға қызмет көрсететін сервистік орталықтар құру қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында депутат Надежда Петухова мәлім етті.
«Біздерде медициналық техниктер, сондай-ақ физиктер мен химиктер болған емес. Олар әлі де жоқ. Ал жоғары технологиялық қызметтер міндетті техникалық сүйемелдеуді қажет етеді ғой», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, батыс клиникаларында дәрігерлерден бөлек медициналық инженерлер де міндетті түрде жұмыс істейді.
«Олар күн сайын аппараттарға техникалық сараптама жұмыстарын жүзеге асырады. Ең бастысы - техниклық сүйемелдеу. Өйткені медициналық қызметкерлердің мұндай білімдері жоқ», - деді Н.Петухова.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.