Н. Сабильянов Виктория ханша атындағы ағылшындардың наградасымен марапатталды

ТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Виктория ханша атындағы ағылшындардың наградасымен марапатталды.

Аталған медаль депутатқа 2 наурыз күні Лондон қаласында салтанатты жағдайда тапсырылған.

Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қазақстандық парламентшінің кандидатурасын қайырымдылық және қоғамдық қызметтері үшін Еуропалық Бизнес Ассамблеясының Ұлттық комитеті (Оксфорд, Ұлыбритания) ұсынған. Бұл награда негізінен әлеуметтік бағдарламаларды енгізуге жоғары деңгейде араласқаны және ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға атсалысқандығы үшін беріледі. «Жалпы, бұл марапатты тек менің қызметімнің ғана жемісі емес, сондай-ақ Қазақстанның биік жетістігі деп бағалаймын.Мемлекет басшысының жүргізіп отырған дана саясатының арқасында, Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі қарқынды дамушы мемлекетке айналып отыр», - деді депутат Н. Сабильянов.