Диспетчерлік қызметтердің мәліметтерінше, бұл күндері Нью-Делиде 200-ге тарта әуе рейстері мен 560-тан астам пойыз тоқтатылып, немесе белгіленбеген мерзімге кейінге шегерілген.
Үндістанның метеорология департаментінің берген мәліметтері бойынша, 28 желтоқсан Цельсий бойынша 2,6 градус температуралық рекордты көрсеткен ел астанасындағы ең суық күн болып тіркелді.
Ауа райының қолайсыз құбылыстары салдарынан күн сайын күрделі апаттардың саны көбейе түсті, ондаған адамдар опат болып жатыр. Метерологтар болса күннің әзір жылынбайтынын, оны тек күн қаңтар айының бірінші онкүндігінде ғана күтуге болатынын айтуда.