Бұл туралы NBC телеарнасы хабарлады.
Деректерге қарағанда, темір құбырлар және жарылғыштар топтастырылған құрылғы жарыс өтуі тиіс трасса жанындағы қоқыс жәшігіне орналастырылған. Ол шамамен жергілікті уақыт бойынша 09:30-да іске қосылды. Жарылыстан зардап шеккендер жоқ.
Бұл жаппай жүгіруге 5 мыңға жуық адам қатысуы тиіс болатын.
Келеңсіз жағдайдан кейін полиция оқиға орнын және оған жақын көшелерді жапты.